25
қараша
2024
9-10 сынып білім алушыларының қатысуымен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша “Өзіңе сен ,өзіңді алып шығар” тақырыбында кеңес
25.11.2024ж № 5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 9-10 сынып білім алушыларының қатысуымен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша “Өзіңе сен ,өзіңді алып шығар” тақырыбында кеңес берілді. Абай атамыздың бұл өлеңінің басты мақсаты – аудиторияға өз-өзіне сенуді үйрету. Өмірде барлық адам өз қалауынша өмір сүруге болады. Бірақ қалаған заттқа жету үшін тағыда адал еңбекпен төзім сенім болу керек. Өзімізді-өзіміз басқару ол басты мәселе. Өз -өзіңді бақылау, бағалау, қадағалау қарам-қатынастан басталады. Адам мен сөйлесең оның ойы мен пікіріне аса назар аударған жөн. Себебі бүгінгі қоғамда барлық адам өзінше ойлай жасай алады. «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген мақал-мәтел есіңе түсері анық. Қолыңнан келгенінше өзгеге көмек қолын ұсыну ол адамгершілік белгісі болып табылады. Адам алдымен өзінің ішкі және сыртқы көзқарасын өзгерту қоғамға басқаша көзбен қарау жан-жақты түсінуге тырысу. Алдыңа нақты мақсат қойсаң соған жетуге ұмтылу әрекет ету басты мақсатың жетуге өз-өзіңе жол ашу.Сенің көзқарасың ол сенің өмірің. Қоғамға, адамға деген ізгі ниет жылы қабақ мейірімділікті басшылыққа алсаң өзіңді де, өзгенің де өзгеруіне көмектесе аласың деген ойдамын.Адам алдымен өзгенің өзгеруін көру үшін өзіңе баса назар аударған жөн. Мектеп психологы: С.Сабыралиева
Д.Увалиева
