14
желтоқсан
2022
«Тәуелсіздікке жетелеген қазақ жастары» тақырыбында кездесу кеші
2022 жылдың 14 желтоқсанында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздікке жетелеген қазақ жастары» тақырыбында кездесу кеші өтті. Кездесудің негізгі мақсаты - тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат Рысқұлбековтың, Ләззат Асанованың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, оның ақындығын насихаттау, білім алушыларға желтоқсан оқиғасы туралы кеңінен насихаттау. Кездесуге Жаналиева Ләйлә қатысып сұрапыл жылдардың сұмдықтарын жастарға жеткізді. Білім алушылар түрлі сұрақтар қойып, мардымды жауаптар алды.


