Министрлік 2021-2022 жылғы оқу жылын аяқтау және емтихандарды өткізу туралы бұйрыққа қол қойды.

Қазақстандық орта білім беру мекемелері оқу жылын 25 мамырда аяқтайды.

9 сыныптар үшін қорытынды 28 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді.

11 сыныптар үшін қорытынды емтихан 27 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді.

Жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылады.

Мектеп оқушыларының каникулы 1 қыркүйекке дейін жалғасады.