16
сәуір
2025
ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР МЕКТЕБІ!!!
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2024-2025 оқу жылынан бастап жас журналистердің кәсіби деңгейін арттыруға, коммуникация құруға арналған жаңа алаңдарды қалыптастыруға, жас журналистердің шығармашылық және қоғамдық белсенділігін ынталандыруға, жас ұрпақты ақпараттық сауаттылыққа және медиа саласына қызығушылығын арттыру мақсатында жас журналистер клубы жұмыс жасады. Журналистика саласын мейлінше дамыту бағытында бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда 4 жоба аясында өздерінің жаңа идеяларымен кәсіби бағытта дамып келеді. Атап айтқанда: «Aqaral podkast» жобасы тілшісі Бақыт Дина Талантқызы, «Ақарал асылдары» жобасы тілшісі Нұрмаханбет Райана Ержанқызы, «Оқушы айдары» жобасы тілшісі Тасқара Ай Досқызы, «FM радио» жобасы тілшілері Жұман Зерделім мен Үсен Айару. Аталған жобалардың шығармашыл, талантты оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктерін ескере отырып, 2025жылдың 16 сәуірінде радио және телестудия өз жұмысын бастамақ. Жастар аудиториясына арналған «Aqaral media studio» орталығы ашылды. Жас журналистерге шығармашылық және кәсіби дамуына, медия саласында жаңа мүмкіндіктерді игеруге бағытталған жобалардың тиімділігі туралы ойын білдіріп, шығармашылық жұмыстарына табыс тіледім. Іс-шара соңында журналистерге журналист куәлігі табысталып, «Хабар» телеарнасының тілшісі, «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасының редакторы, Ақарал мектебінің түлегі Ибраим Үлжан Ерланқызының құттықтау тілегі бейнежазбада ұсынылды. 

