13
қаңтар
2025
"Мұнар күн" атты көркем сөз оқу кеші
№5 Ақарал ЖОББМГ Эксперименталды алаң жобасының жоспары негізінде 5 сынып оқушыларының арасында Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай "Мұнар күн" атты көркемсөз оқу кеші өткізілді. Іс-шараның мақсаты: ұлт азаттығы үшін күрескен тарихи тұлға Махамбет Өтемісұлының өзінің қайраткерлігімен бірге, отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға арнаған ақынның өлеңдерін өскелең ұрпаққа насихаттау. Іс-шара аясында тек өлеңдері ғана оқылумен шектелмей, ақынның өмірі мен шығармашылығы бейнежазбадан көрсетіліп, оқырман танымын кеңейтетін деректі ақпараттар айтылды.
