16
қазан
2024
Мақсұт Нәрікбимен онлайн ZOOM арқылы кездесу
№5 Ақарал ЖОББМГ-да 16.10.2024 ж. «Мектеп –гимназия жағдайында дарынды балалардың шығармашылық потенциалын дамытудың ұйымдастыру-педагогикалық негіздері» тақырыбындағы эксперименттік алаң жұмысы бойынша құрылған «Ақарал подкаст» жобасы аясында Booking.com программисті (Нидерленд, Амстердам қ.) және Narikbi LIVE подкастының жүргізушісі Мақсұт Нәрікбимен онлайн кездесу өтті. Мақсұт Нәрікби Қазақстандағы және шетелдегі подкаст саласының дамуы туралы тың ақпарат беріп, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Тікелей эфирде жас журналистер өздерінің сұрақтарына жауап алып, подкаст саласына қызығушылықтарын оятты.
