14
қараша
2024
"Мектеп тынысы: Мектептің бір күндік өмірі" бейнеролик
14.11.2024ж эксперименталды алаң жобасы аясында "Мектеп тынысы.Мектептің бір күндік өмірі" атты тақырыбында Akaral Podcast орталығының жас журналисті Тасқара Ай мектеп тынысының бір күндік өмірімен танысты.Мақсаты: жан- жақты дамыған,шығармашылық потенциалы жоғары, жаңа заман талабына сай тұлғаны қалыптастыру. Мектеп-бұл тек оқушылар ғана емес, мұғалімдер үшін де өмірдің маңызды кезеңі.Күн сайын сыныпқа кіріп, алдыңдағы жарқыраған балалармен жүздескенде, білім ғана емес,білім берудің үлкен жауапкершілігін сезінесің. Мектептегі бір күн - мұғалім үшін оқушыларғажаңа дүниені үйретуден ғана тұрмайды, олардың әрқайсысына қолдау көрсетіп, қабілеттерін дамытумен байланысты. Кейде мектептегі күн қарбаласқа толы: сабақтар, жиналыстар, үй тапсырмаларын тексеру, ата-аналармен кездесу. Бірақ сол сәттердің арасында оқушылардың жетістікке жетіп, сенің айтқаныңды түсініп, көздерінде "мен түсіндім" деген жалт еткен сәуле байқау - нағыз шабыт көзі. Мұғалім үшін мектептегі бір күн тек уақыт өткізу емес, ол болашақты қалыптастырып, білімнің негізін қалау.


