12
ақпан
2025
"Ғасырдың дара перзенті" тақырыбында кітап көрмесі
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай, №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия кітапханасында "Ғасырдың дара перзенті" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы – аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Алматы қаласында дүниеге келген.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев - бүкіл саналы өмірін Қазақстан экономикасы мен мәдениетін өркендетуге жұмсаған, республиканы ұзақ жылдар басқарған, халқының зор беделіне ие болған, өзінің биік азаматтық қасиеттерін кейінгі ұрпағына қалдырған парасатты тұлға.
Мақсаты: тұлғаны еске алу, есімін ардақтау, өмірі мен шығармашылық жолын насихаттау.
Жауапты: кітапхана меңгерушісі Г.Маделиева